Фабри ауруын диагностикалау

Фабри ауруына күдік келесі пациенттерде туындау керек:1

Отбасылық анамнез белгішесі

Фабри ауруының отбасылық анамнезі бар

Мультижүйелік көріністер белгішесі

«Себепсіз» мультижүйелік клиникалық көріністері бар, әсіресе жүрек, бүйрек, жүйке жүйесі, көз және тері зақымдануының Фабри ауруына тән белгілері қатар байқалғанда

Зертханалық ауытқулар белгішесі

Зертханалық көрсеткіштердегі ауытқулары бар

Бастапқы тексеру

Бастапқы тексеру мыналарды қамтуы тиіс:

Анамнезді егжей-тегжейлі жинау белгішесі

Ауру анамнезін толықтай жинау.2

Мұқиятпен жиналған толық анамнез (отбасылық анамнезді қоса алғанда және пациенттің бұрын өткерген аурулары туралы ақпаратты жан-жақты талдау) — Фабри ауруын диагностикалаудың маңызды кезеңі. Бұл ретте аурудың мультижүйелік сипатын және ағым нұсқаларының айырмашылықтарын түсіну ауруды ерте кезеңде тануға көмектеседі.3-6

Келесі клиникалық симптомдарға ерекше назар аудару қажет:

Нейропатиялық ауырсыну белгішесі

нейропатиялық ауырсыну

Ауырсыну криздері белгішесі

ауырсыну криздері

Ыстыққа төзбеушілік белгішесі

ыстыққа төзбеушілік (әдетте физикалық жүктемеге төзбеушілікпен және жаз айларында ашық ауада болудан қашқақтаумен байланысты)

Тердің, көз жасының немесе сілекейдің бөлінуінің төмендеуі белгішесі

тердің, көз жасының немесе сілекейдің бөлінуінің төмендеуі

Диарея белгішесі

іш өту (диарея)

Іш ауыруы белгішесі

іштің ауыруы

Ангиокератомалар белгішесі

ангиокератомалар

Көбікті несеп белгішесі

көбікті несеп

Отбасылық скрининг белгішесі

Толық отбасылық анамнез,

соның ішінде себепсіз неврологиялық, бүйректік немесе жүректік аурулары бар немесе мезгілінен бұрын қайтыс болған туыстарға басымдық беру жөн.2

Маңызды ескертпе белгішесі

Зерттеулер сериясында отбасылық анамнез Фабри ауруы бар пациенттердің 46%-ында диагноз қоюға ықпал еткен.7

Физикалық тексеру белгішесі

Мұқият физикалық тексеру

ангиокератомаларды, телеангиэктазияларды, гипо- немесе ангидрозды, қасаң қабықтың бұлыңғырлануын, лимфедеманы, кардиологиялық деректердегі ауытқуларды (сол жақ қарыншаның гипертрофиясы белгілері, аритмиялар) анықтау мақсатында.2

Мұқият физикалық тексеру зертханалық және генетикалық тест нәтижелері алынбай тұрып-ақ Фабри ауруына тән клиникалық белгілерді анықтауға көмектесуі мүмкін. Олардың кейбірі жоғары спецификалық болып табылады және кез келген мамандықтағы дәрігерді сақтандыруы тиіс.

Ангиокератомалар белгішесі

Терідегі көріністер: ангиокератомалар8

Тер бөлінуі мен терморегуляция бұзылысының белгішесі

Тер бөлінуі мен терморегуляцияның бұзылуы9

Офтальмологиялық белгілер белгішесі

Офтальмологиялық белгілер: Cornea verticillata10

Ауырсыну нейропатиясы белгішесі

Ауырсыну нейропатиясының белгілері (акропарестезиялар, Фабри криздері)11

Кардиомиопатия белгішесі

Себепсіз кардиомиопатия12

Нефропатия белгішесі

Себепсіз нефропатия10

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ​ «ЛИЗОСОМАЛЫҚ ЖИНАЛУ АУРУЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ (Фабри ауруы, МПС2)»

Қазақстанда Фабри ауруын диагностикалау бағдарламасы жүзеге асырылуда — бұл пациенттердің өмір сапасын сақтау және жақсарту үшін маңызды.

Бағдарлама ТОО «Такеда Қазақстан» компаниясы ұсынатын тегін қызмет болып табылады. Бағдарламаның үйлестірушісі — ТОО «ИНВИТРО‑Қазақстан» компаниясы. Бағдарлама шеңберіндегі зертханалық зерттеулер Duzen (Түркия) зертханасында жүргізіледі.

Диагноз расталған жағдайда пациенттің отбасын және жақын туыстарын да тексеру қамтамасыз етілуі мүмкін.

Пациенттерді қолдау бағдарламасының байланыс белгішесі

Жедел желі: +7 (771) 949 98 00 (жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін)

Маңызды ескерту белгішесі

Пациенттердің көпшілігінде Фабри ауруы нысана-ағзалар — жүрек, бүйрек немесе орталық жүйке жүйесі зақымданғаннан кейін ғана анықталады.

Кардиологтар, нефрологтар және неврологтар Фабри ауруын бастапқы анықтауда шешуші рөл атқарады — дәл осы мамандар ағзалық зақымдануы бар пациенттерді алғаш көреді және "қызыл жалаушалар" бойынша ауруға күдіктене алады.13

Кардиологиялық маршрут белгішесі

Фабри ауруы кезіндегі жүрек зақымдануының "қызыл жалаушалары"

Қызыл жалауша белгішесі

Патологиялық жүктеме жағдайларымен (мысалы, артериялық гипертензия немесе аорталық стеноз) түсіндірілмейтін сол жақ қарыншаның гипертрофиясы (СҚГ)14

Қызыл жалауша белгішесі

ЭхоКГ-да СҚ-ның концентрлік гипертрофиясының болуы14

Қызыл жалауша белгішесі

Гадолинийдің кеш жиналу аймақтарының анықталуы (миокард фиброзы ошақтарына сәйкес келеді)15

Қызыл жалауша белгішесі

Аритмиялар және өткізгіштік бұзылыстары14

Қызыл жалауша белгішесі

Сақталған шығарылу фракциясы бар жүрек жеткіліксіздігінің дамуы14

Маңызды ескерту белгішесі

Классикалық жүректен тыс көріністердің (акропарестезиялар, ангиокератомалар, гипогидроз) болмауы Фабри ауруы диагнозын жоққа шығармайды.

Кеш басталатын мутациялар көбіне кардиалдық фенотиппен басым көрінеді. Сондықтан басқа жүйелік белгілерсіз де оқшауланған ГКМП Фабри ауруының жалғыз көрінісі болуы мүмкін.14

Маңызды ескерту белгішесі

Кардиологтар гипертрофиялық кардиомиопатия (ГКМП) анықталған жағдайда Фабри ауруының кардиалдық нұсқасын естен шығармауы тиіс.14

Кардиологтың қосымша тексерудегі рөлі

Нефрологиялық маршрут белгішесі

Фабри ауруы кезіндегі бүйрек зақымдануының "қызыл жалаушалары"10,16

Қызыл жалауша белгішесі

Микроальбуминурия

Қызыл жалауша белгішесі

Протеинурия

Қызыл жалауша белгішесі

Изостенурия

Қызыл жалауша белгішесі

Бүйрек функциясының үдемелі төмендеуі

Қызыл жалауша белгішесі

Азотемияның дамуы

Қызыл жалауша белгішесі

Терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі

Қызыл жалауша белгішесі

Гемодиализ немесе бүйрек 
трансплантациясы 
қажеттілігі

Қызыл жалауша белгішесі

Бүйректерде парапельвикалық кисталардың жиі дамуы17

Нефрологтың қосымша тексерудегі рөлі

Неврологиялық маршрут белгішесі

Фабри ауруы кезіндегі жүйке жүйесі зақымдануының "қызыл жалаушалары"

Қызыл жалауша белгішесі

18-ден 55 жасқа дейінгі жаста транзиторлық ишемиялық шабуылдар, ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің болуы10

Қызыл жалауша белгішесі

Инсульт пациентте басқа типтік белгілер дамымай тұрып, Фабри ауруының алғашқы көрінісі болуы мүмкін18

Қызыл жалауша белгішесі

МРТ-да анықталатын мидың ақ затының зақымдануы — созылмалы тамырлық зақымданудың белгісі19

Қызыл жалауша белгішесі

Акропарестезиялар, Фабри криздері, есту және вестибулярлық бұзылыстар19

Неврологтың қосымша тексерудегі рөлі

Зертханалық және аспаптық тексеру әдістері ағзалар функциясының негізгі көрсеткіштерін бағалауға бағытталған.20

Жүректі тексеру белгішесі

Жүрек функциясы:
эхокардиография, электрокардиография (ЭКГ), жүректің магнитті-резонанстық томографиясы (МРТ)

Бүйректі тексеру белгішесі

Бүйрек функциясы:
протеинурия, микроальбуминурия, есептелген шумақтық сүзілу жылдамдығы (рСКФ)

Неврологиялық тексеру белгішесі

Неврологиялық тексеру:
мидың магнитті-резонанстық томографиясы (МРТ), жүйке өткізгіштігін зерттеу

Офтальмологиялық тексеру белгішесі

Офтальмологиялық
тексеру

Аудиологиялық тексеру белгішесі

Аудиологиялық
тексеру

Фабри ауруын зертханалық диагностикалау алгоритмі21

Күдік

Альфа-галактозидаза A (α-Gal A) ферменті белсенділігін өлшеу

  • Ер адамдарда (Фабри ауруының классикалық түрінде) фермент белсенділігі әрқашан өте төмен немесе мүлде болмайды.
  • Әйелдердің 30%-ында α-Gal A белсенділігі қалыпты немесе төмен болуы мүмкін. Нәтижелерді интерпретациялау молекулалық‑генетикалық тестілеумен бірлесіп жүргізілуі тиіс.

Lyso-GB3 биомаркерін анықтау

  • Lyso-GB3 деңгейі қалыпты немесе жоғары

GLA генінде бұзылыс
АНЫҚТАЛМАҒАН

Фабри ауруы жоқ

Молекулалық-генетикалық тестілеу

Патогенді мутация
анықталған:

Фабри ауруы диагнозы
расталады

Патогенді емес
мутация:

Ең ықтимал — Фабри ауруы емес

Белгісіз мәні бар
нұсқа:

Қосымша тексеру
қажет

Фабри ауруының критерийлері21

Фабри ауруы тек зертханалық және/немесе генетикалық растама болған кезде ғана диагноз қойылады. Клиникалық көріністер, анамнез деректері және физикалық тексеру ауруға күдіктенуге негіз болады, бірақ растайтын талдауларсыз диагноз қоюға жеткіліксіз.10

АРНАЙЫ ТАЛДАУЛАР ЖҮРГІЗУДІ НЕГІЗДЕЙТІН КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕР: 21

Клиникалық симптомдар белгішесі

ерекше симптомдар (нейропатиялық ауырсынулар (акропарестезиялар, Фабри криздері), ангиокератомалар, гипо- немесе ангидроз, АІЖ көріністері)12

Офтальмологиялық белгілер белгішесі

типтік офтальмологиялық белгілер (cornea verticillata)12

Нысана-ағзалар зақымдануы белгішесі

нысана-ағзалардың зақымдануы (жас жаста артериялық гипертензиясыз сол жақ қарыншаның 13 мм-ден жоғары гипертрофиясы (негізінен концентрлік)2,12 этиологиясы белгісіз СБА (ХБП), үдемелі альбуминурия және протеинурия, парапельвикалық кисталар17, жас жаста инсультқа шалдығу — 18-ден 55 жасқа дейін)18

Отбасылық анамнез белгішесі

X‑тіркескен тұқым қуалау түрі бойынша отбасылық анамнездің ауырлауы10

БАСТАПҚЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ21

α‑галактозидаза A белсенділігін анықтау (DBS/плазма/лейкоциттер)

Ферменттік талдау белгішесі

Ерлерде — фермент белсенділігінің төмендеуі Фабри ауруының жоғары ықтималдығын көрсетеді

Lyso-GB3 биомаркері белгішесі

Әйелдерде фермент белсенділігі қалыпты болуы мүмкін. Молекулалық‑генетикалық тестілеу жүргізу ұсынылады

ГЕНЕТИКАЛЫҚ РАСТАУ21

Диагнозды растау үшін барлық пациенттерде GLA генін патогенді немесе ықтимал патогенді нұсқасын анықтау мақсатында зерттеу.

Қосымша тексеру

Диагноз қойылғаннан кейін Фабри ауруы бар пациенттер ағзалар мен жүйелердің зақымдануын анықтау үшін қосымша тексеруден өтуі тиіс:

Жалпы тәжірибе дәрігері консультациясының белгішесі

Жалпы тәжірибе дәрігерінің және/немесе педиатрдың консультациясы21

Команда жұмысының үйлестірілуі белгішесі

команда жұмысының үйлестірілуі

Пациентті бақылау белгішесі

пациентті бақылау: тексеру, қосымша тексеруге (зертханалық, аспаптық зерттеулер) және бейінді мамандардың консультациясына жолдау

Терапия мониторингі белгішесі

фермент алмастыру терапиясының (ФАТ) және симптоматикалық емнің тиімділігін, қауіпсіздігін және жүйелілігін мониторингілеу

Госпитализация және телемедицина белгішесі

референттік орталыққа госпитализация/телемедицинаға жолдама үшін хаттама дайындау

Пациент қажеттіліктерін талдау белгішесі

пациенттердің мәселелері мен қажеттіліктерін талдау, пациент комплаенсін бақылау

Генетик консультациясының белгішесі

Генетик консультациясы

Отбасылық генетикалық кеңес беру белгішесі

Молекулалық-генетикалық талдау нәтижелерін интерпретациялау, отбасылық анамнезді талдау, отбасындағы қауіп тобына кіретін тұлғаларды анықтау, отбасын жоспарлау мәселелерін талқылау21

Кардиолог консультациясының белгішесі

Кардиолог консультациясы

Жүрек зақымдануын диагностикалау: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, ырғақ бұзылыстары, митральді және аорталық регургитация, жүрек жеткіліксіздігі.21

Кардиологиялық тексеру белгішесі

ЭхоКГ

  • сол жақ қарыншаның еркін қабырғасының гипертрофиясы14
  • сол жақ қарыншаның концентрлік гипертрофиясы14
  • митральді қақпақша жармаларының қалыңдауы14
Кардиологиялық тексеру белгішесі

12-арналы ЭКГ

  • СҚГ (ST сегментінің депрессиясы және T тісшесінің инверсиясы)26
  • ырғақ пен өткізгіштік бұзылыстары: QRS кешенінің кеңеюі, QT аралықтарының ұзаруы, АВ-түйін блокадалары, Гис шоғыры аяқшаларының блокадалары26
Кардиологиялық тексеру белгішесі

Жүректің МРТ

  • гадолинийдің кеш жиналу аймақтарын анықтау (миокард фиброзы ошақтарына сәйкес келеді)15

Фабри ауруының жүректік белгілері

Нефролог консультациясының белгішесі

Нефролог консультациясы

Бүйрек жағдайын бағалау, протеинурияны және шумақтық сүзілу жылдамдығының төмендеуін анықтау, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің алдын алу және емдеу.21

Нефрологиялық тексеру белгішесі

Тәуліктік несепте микроальбуминурия мен протеинурияны анықтау

  • бүйрек зақымдануын ерте анықтау, Фабри нефропатиясының үдеуін мониторингілеу21
Нефрологиялық тексеру белгішесі

Шумақтық сүзілу жылдамдығы (СКФ)

  • бүйрек функциясын бағалау, СКФ төмендеуін анықтау, созылмалы бүйрек ауруының үдеуін мониторингілеу21
Нефрологиялық тексеру белгішесі

Құрсақ қуысының УДЗ

  • Фабри ауруы бар пациенттердің 50 %‑ында бүйрек синусының кисталары немесе парапельвикалық кисталар болады17
  • Бүйрек синусының құрылымдарынан пайда болатын парапельвикалық кисталар талшықты немесе майлы тінде жүйкелермен және басқа да тамырлық құрылымдармен бірге орналасқан лимфалық тамырлар тартылғанда дамиды27

Фабри ауруының нефрологиялық белгілері

Невролог консультациясының белгішесі

Невролог консультациясы

Жүйке жүйесі функцияларын бағалау, невропатиялық ауырсынуды және акропарестезияларды анықтау, инсульттің алдын алу, когнитивтік және мінез-құлық бұзылыстарын бақылау.21

Ми МРТ-сы

Неврологиялық тексеру белгішесі

ми сыңарларындағы ақ заттың көптеген зақымдану ошақтары10

Неврологиялық тексеру белгішесі

кеңейген және ирелеңдеген қан тамырлары10

Фабри ауруының неврологиялық белгілері

Офтальмологиялық тексеру белгішесі

Офтальмолог консультациясы

Көздің алдыңғы сегментін бүйірлік жарықпен зерттеу әдісімен

Офтальмологиялық тексеру белгішесі

Офтальмологиялық бұзылыстарды диагностикалау: құйынтәрізді кератопатия (cornea verticillata), субкапсулярлық катаракта, торқабық тамырлары мен көру жүйкесінің жағдайын бағалау21

Фабри ауруының офтальмологиялық белгілері

Отоларинголог консультациясының белгішесі

Отоларинголог консультациясы

Естуді тексеру белгішесі

Есту бұзылыстарын диагностикалау: тиннитус, есту өткірлігінің төмендеуі, сенсоневралдық есту төмендеуі.21

Фабри ауруы кезіндегі естудің зақымдануы

Ревматолог консультациясының белгішесі

Ревматолог консультациясы

Ревматологиялық аурулармен дифференциалды диагностика, буын синдромын бағалау.21

Антинуклеарлық фактор белгішесі

антинуклеарлық фактор (АНФ)

ДНҚ-ға қарсы антиденелер белгішесі

ДНҚ-ға қарсы антиденелер

ANCA белгішесі

ANCA (Anti-Neutrophil Cytoplasmic Antibodies), (MPO, PR3)

Маңызды ескерту белгішесі

Кешенді қосымша тексеру Фабри ауруына байланысты маңызды өзгерістерді анықтауға немесе жоққа шығаруға көмектеседі, бұл ауруды дәлірек диагностикалауға және әрі қарай емдеу жоспарын айқындауға ықпал етеді.

Отбасы мүшелерін скринингтеу белгішесі

Отбасы мүшелерін скринингтеу

Жаңа диагноз қойылған пациенттердің қауіп тобындағы отбасы мүшелерін клиникалық және генетикалық скринингтеу аса маңызды, өйткені Фабри ауруы бар қосымша отбасы мүшелері әрбір жеке индекс-пациент негізінде анықталуы мүмкін.28

Маңызды отбасылық ескертпе белгішесі

Шежіре бойынша жүргізілген бір зерттеу нәтижесінде пробанд диагнозы қойылғаннан кейін орта есеппен кемінде 5 отбасы мүшесінде Фабри ауруы анықталатыны көрсетілген.28

Кеңейтілген Фабри шежіресінің үлгісі
Дифференциалды диагностика белгішесі

Дифференциалды диагностика

Фабри ауруы сирек кездесетіндігіне және бейспецификалық клиникалық көріністерінің әртүрлілігіне байланысты жиі қате диагноз қойылады. Осыған байланысты оны «Жаңа ұлы алаяқ» деп атай бастады.29

Осы аурумен ауыратын пациенттерге жиі қойылатын бастапқы диагноздардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

Балалардағы дифференциалды диагностика белгішесі

Балаларда:21

  • ревматоидты артрит30
  • ревматизмдік қызба10
  • жүйелі қызыл жегі10
  • Рейно ауруы10
  • «өсуге байланысты ауырсынулар»10
Ересектердегі дифференциалды диагностика белгішесі

Ересектерде:21

  • целиакия10
  • көп ошақты склероз31

Дереккөздер:

  1. Vaisbich MH, Andrade LGM, Silva CAB, Barreto FC. Recommendations for the diagnosis and management of Fabry disease in pediatric patients: a document from the Rare Diseases Committee of the Brazilian Society of Nephrology (Comdora-SBN). J BrasNefrol. 2022;44(2):268-280. doi:10.1590/2175-8239-JBN-2021-0216
  2. Ortiz A, Germain DP, Desnick RJ, et al. Fabry disease revisited: Management and treatment recommendations for adult patients. Mol GenetMetab. 2018;123(4):416-427. doi:10.1016/j.ymgme.2018.02.014
  3. Jamboti J, Forrest CH. Fabry disease: early diagnosis improves prognosis but diagnosis is often delayed. J Nephropathol. 2017;6(3):130-133. doi:10.15171/jnp.2017.22
  4. Vardarli I, Rischpler C, Herrmann K, Weidemann F. Diagnosis and Screening of Patients with Fabry Disease. TherClinRiskManag. 2020;16:551-558. doi:10.2147/TCRM.S247814
  5. Mehta A, Hughes DA. Fabry Disease. Updated April 11, 2024. In: Adam MP, Bick S, Mirzaa GM, et al., eds. GeneReviews [Internet]. University of Washington, Seattle; 1993-2026.
  6. Kiykim E, Zeybek CA, Zubarioglu T, Aydin A. Lessons from two cases: is Fabry disease the correct diagnosis? BMJ CaseRep. 2015;2015:bcr2014208150. doi:10.1136/bcr-2014-208150
  7. Branton M, Schiffmann R, Kopp JB. Natural history and treatment of renal involvement in Fabry disease. J Am SocNephrol. 2002;13(Suppl 2):S139-S143.
  8. Anker P, Fésűs L, Kiss N, et al. A Cross-Sectional Study of the Dermatological Manifestations of Patients with Fabry Disease and the Assessment of Angiokeratomas with Multimodal Imaging. Diagnostics. 2023;13(14):2368. doi:10.3390/diagnostics13142368
  9. Germain DP, Fouilhoux A, Decramer S, et al. Consensus recommendations for diagnosis, management and treatment of Fabry disease in paediatric patients. Clin Genet. 2019;96(2):107-117. doi:10.1111/cge.13546
  10. Germain DP. Fabry disease. Orphanet J RareDis. 2010;5:30. doi:10.1186/1750-1172-5-30
  11. Medala VK, Üçeyler N. Neuropathy and pain in Fabry disease. RareDisOrphanDrugs J. 2024;3:20. doi:10.20517/rdodj.2024.13
  12. Michaud M, Mauhin W, Belmatoug N, et al. When and How to Diagnose Fabry Disease in Clinical Practice. Am J MedSci. 2020;360(6):641-649. doi:10.1016/j.amjms.2020.07.011
  13. Valtola K, Hedman M, Kantola I, et al. Late-onset and classic phenotypes of Fabry disease in males with the GLA-Thr410Ala mutation. Open Heart. 2023;10(1):e002251. doi:10.1136/openhrt-2023-002251
  14. Hagège A, Réant P, Habib G, et al. Fabry disease in cardiology practice: Literature review and expert point of view. ArchCardiovascDis. 2019;112(4):278-287. doi:10.1016/j.acvd.2019.01.002
  15. Moon JC, Sheppard M, Reed E, Lee P, Elliott PM, Pennell DJ. The histological basis of late gadolinium enhancement cardiovascular magnetic resonance in a patient with Anderson‑Fabry disease. J CardiovascMagnReson. 2006;8(3):479-482. doi:10.1080/10976640600605002
  16. Muntean C, Starcea IM, Stoica C, Banescu C. Clinical characteristics, renal involvement, and therapeutic options of pediatric patients with Fabry disease. Front Pediatr. 2022;10:908657. doi:10.3389/fped.2022.908657
  17. Ries M, Bettis KE, Choyke P, et al. Parapelvic kidney cysts: a distinguishing feature with high prevalence in Fabry disease. Kidney Int. 2004;66(3):978-982. doi:10.1111/j.1523‑1755.2004.00846.x
  18. Sims K, Politei J, Banikazemi M, Lee P. Stroke in Fabry disease frequently occurs before diagnosis and in the absence of other clinical events: natural history data from the Fabry Registry. Stroke. 2009;40(3):788-794. doi:10.1161/STROKEAHA.108.526293
  19. Körver S, Vergouwe M, Hollak CEM, van Schaik IN, Langeveld M. Development and clinical consequences of white matter lesions in Fabry disease: a systematic review. Mol GenetMetab. 2018;125(3):205-216. doi:10.1016/j.ymgme.2018.08.014
  20. Le SY, Kim IY, Ahn SH, et al. Multidisciplinary Care Model as a Center of Excellence for Fabry Disease: A Practical Guide to Diagnosis and Management by Clinical Specialty in South Korea. J Clin Med. 2025;14(13):4400. doi:10.3390/jcm14134400
  21. Объединённая комиссия по качеству медицинских услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан. Клинический протокол диагностики и лечения болезни Фабри. МЗ РК; 2023.
  22. Auray-Blais C, Ntwari A, Clarke JT, et al. How well does urinary lyso-Gb3 function as a biomarker in Fabry disease? Clin Chim Acta. 2010;411(23-24):1906-1914. doi:10.1016/j.cca.2010.07.038
  23. Yam GH, Zuber C, Roth J. A synthetic chaperone corrects the trafficking defect and disease phenotype in a protein misfolding disorder. FASEB J. 2005;19(1):12-18. doi:10.1096/fj.04‑2375com
  24. Monda E, Falco L, Palmiero G, et al. Cardiovascular involvement in Fabry's disease: new advances in diagnostic strategies, outcome prediction and management. Card Fail Rev. 2023;9:e12. doi:10.15420/cfr.2023.06
  25. Palecek T, Honzikova J, Poupetova H, et al. Prevalence of Fabry disease in male patients with unexplained left ventricular hypertrophy in primary cardiology practice: prospective Fabry cardiomyopathy screening study (FACSS). J InheritMetabDis. 2014;37(3):455-460. doi:10.1007/s10545-013-9659-2
  26. Parisi V, Baldassarre R, Ferrara V, et al. Electrocardiogram analysis in Anderson-Fabry disease: a valuable tool for progressive phenotypic expression tracking. Front CardiovascMed. 2023;10:1184361. doi:10.3389/fcvm.2023.1184361
  27. Pisani A, Petruzzelli Annicchiarico L, Pellegrino A, et al. Parapelvic cysts, a distinguishing feature of renal Fabry disease. Nephrol Dial Transplant. 2018;33(2):318-323. doi:10.1093/ndt/gfx009
  28. Laney DA, Fernhoff PM. Diagnosis of Fabry disease via analysis of family history. J GenetCouns. 2008;17(1):79-83. doi:10.1007/s10897-007-9128-x
  29. Lidove O, Kaminsky P, Hachulla E, et al. Fabry disease 'The New Great Imposter': results of the French Observatoire in Internal Medicine Departments (FIMeD). ClinGenet. 2012;81(6):571-577. doi:10.1111/j.1399-0004.2011.01718.x
  30. Lacomis D, Roeske-Anderson L, Mathie L. Neuropathy and Fabry's disease. MuscleNerve. 2005;31(1):102-107. doi:10.1002/mus.20130
  31. Saip S, Uluduz D, Erkol G. Fabry disease mimicking multiple sclerosis. Clin NeurolNeurosurg. 2007;109(4):361-363. doi:10.1016/j.clineuro.2006.12.006

VV-MEDMAT-136067
Сәуір 2026